«Жас музыкант» конкурсының бас жүлдесін Жәния Байназарова жеңіп алды

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған «Жас музыкант» атты 44-ші қалалық конкурсының бас жүлдесін №5 музыка мектебінің оқушысы Жәния Байназарова жеңіп алса, 1-ші дәрежелі дипломға 5 жеке орындаушы мен 11 хор ұжымы лайық деп танылды.
None
None

Ал, 7 пианист пен №1 хор мектебінің «Көктем» хоры «Жас музыкант» республикалық байқауына қатысуға жолдама алды.

Аталмыш шараға 48 солист-пианист, 32 хор ұжымы қатысқан.

Соңғы жаңалықтар