Жас өнерпаздар А.Жұбанов атындағы халықаралық байқауда бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық қазақ мектеп - интернатына биыл 50 жыл толып отыр. осыған орай, Алматыда қарашаның 4 мен 10 аралығында академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов атындағы фортепиано мен халық аспаптар номинациялары бойынша халықаралық байқау өтеді, деп хабарлады музыкалық білім ордасынан.

Жас өнерпаздар А.Жұбанов атындағы халықаралық байқауда бақ сынайды

Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді. Байқаудың мақсаты - жас орындаушылардың өнерін жан-жақты дамыта отырып, насихаттау.

Байқауға республикамыздағы дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушыларымен ТМД елдерінің дарынды балалары қатысады. Конкурстың ашылуы Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясында басталады. Сонымен қатар, қараша айының 5-6 жұлдыздарында мектеп интернаттың 50 жылдық мерей тойына арналған «Өткен және қазіргі заман мәнмәтініндегі қазақ музыка өнері» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға елімізбен бірқатар шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы педагогика мен өнертану ғылымдарының танымал зерттеуші ғалымдары қатысады.