«Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасының мақсаты - мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттерінің Қазақстан жастарына арнаған Үндеуінен
«Біз, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, Елбасының қатысуымен өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезін зор қошеметпен қарсы алдық. Съезд жастардың барлығын бір шаңыраққа тоғыстырып, жас буынның қоғамдағы орнын айқындап, көкейдегі сауалдарына жауап алған салиқалы сұхбат алаңына айналды. Мемлекет басшысы бұл жиында «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын мақұлдап, қазіргі таңдағы мемлекеттік жастар саясатының сара жолын көрсетіп берді.
«Жастар - Отанға!» атты 11 бағыттан тұратын бұл стратегияның басты мақсаты - мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру екенін біз жақсы түсіндік. Оның ішінде сапалы білім, мәдени даму, бірлік, жастар кәсіпкерлігін және ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысы сияқты басымдықтар - кемел елдің болашағы мен қайнар көзі саналады. Олай болса, Біз бүгіннен бастап жаңа өмірге қадам жасауымыз керек.
Елбасының қолдауымен «Дипломмен-ауылға!», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламалары өз өміршеңдігін көрсетті. Бүгінгі күні университеттің мыңдаған жастары мемлекет басшысы бекіткен бұл бағдарламалардың аясында өз кәсібін дөңгелетіп келеді.
Құрметті жастар! Елбасының съезде айтқан ертеңгі жарқын болашағымыз туралы батыл ойларын біз жүзеге асыруға тиіспіз. Егеменді Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына тәуелсіз елдің ұландары бар күш-жігерін салуы керек деп санаймыз. «Арман. Еңбек. Сенім» - біздің басты ұранымыз!
Біз, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, жастардың қамқоршысы мен қолдаушысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы пікірлері мен ұлағатты ұсыныстарын толық қолдайтындығымызды білдіреміз.
Біз «болашақта отансүйгіштік сезімдері шексіз, салауатты өмір салтын ұстанған, зияткерлік ой-өрісі терең азамат боламыз» - деп уәде береміз!
Біз - жаспыз! Біз - белсендіміз!
Біз алдымызға мақсат қойып, оны орындауға дайынбыз!
Біз өз Отанымызды шексіз сүйеміз!
«Нұр Отан» - «Жас Отан» - тілегі бір Қазақстан!
«Нұр Отан» - «Жас Отан» - гүлдене бер, Қазақстан!
«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі»,
Болашақты қалауда
Бірге қадам бастайық!
Қазақстан жастары,
«Алға!» - деп ұран тастайық.
«Алға» жастар!!!»,-делінген ҚазАТУ студенттерінің Үндеуінде.