Жас отбасыларды баспанамен қамту тетіктері жасалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық жас отбасыларын баспанамен қамту тетіктері әзірленеді. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңесте Астана қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас отбасыларды баспанамен қамту тетіктері жасалады

Оның айтуынша, Астана әкімдігінің Жастар жылына орай әзірлеген жол картасында жастарды, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Бұл мәселеге Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айрықша тоқталған болатын.

«Сондықтан Жол картасы аясында біз бұл бағытта 6 ірі жобаны қарастырып отырмыз. Оларға «Мерейлі отбасы» отбасы құндылықтарын нығайтудың кешенді іс-шараларын өткізу және «7-20-25», «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының мүмкіншіліктері арқылы жұмыс істейтін жастардың, жас отбасылардың баспанамен қамтамасыз етілуін көздейтін тетіктер әзірлеу негіз болмақ», - деді ол.

Сонымен қатар, Данияр Есин аталған жол картасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге баса назар аударылатындығын, бұл бағытта 12 ірі жоба жүзеге асырылатындығын атап өтті.

Адал еңбек айнасы: Үрімжідегі қазақ жүргізушінің өмір жолы - шетелдегі қазақ баспасөзі
Ұқсас жаңалықтар

Адал еңбек айнасы: Үрімжідегі қазақ жүргізушінің өмір жолы - шетелдегі қазақ баспасөзі