Жас пианистердің І Халықаралық фестиваль-байқауының қазылар алқасының құрамы анықталды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Жас пианистердің І Халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауындағы қазылар алқасының құрамына танымал пианист, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультеті арнайы фортепиано кафедрасының профессоры Павел Нерсесьян енеді.

Жас пианистердің І Халықаралық фестиваль-байқауының қазылар алқасының құрамы анықталды

Елорданың ресми сайтының жазуынша, Нерсесьян Павел Тигранович Л. Ванн Бетховен атындағы (Вена, 1985, II сыйлық), Паломы О'Ши (Сантандер, 1987, IV сыйлық), Токиода (1989, V сыйлық), Дублин атындағы (GPA; 1991, I сыйлық) халықаралық сыйлықтардың лауреаты болып табылады.

Бұған дейін хабарлағанындай, Павел Нерсесьяннан басқа жас пианистердің І Халықаралық «Astana Piano Passion» фестиваль-байқауы қазылар алқасының құрамында П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры - Валерий Пясецкий; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор - Жания Әубәкірова; «Астана-Опера» опера және балет театрының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Төлеген Мұхамеджанов, сондай-ақ ҚХР, Оңтүстік Корея және АҚШ өкілдері бар. Қазылар алқасының құрметті мүшесі және байқаудың идеялық жетекшісі - Ресейдің халық артисі Денис Мацуев.

Еске салайық, жас пианистердің фестиваль-байқауы Астана қаласында 2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында өтеді. Байқауға қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Ол 2013 жылдың 10 наурызына дейін жалғасады. Байқаудың жүлде қоры - 50 000 АҚШ доллары.