Жас сарбаздар Отан ананың алдында ант берді

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Астана гарнизоны №5570 әскери бөлімінің жас сарбаздары Отан қорғаушылар (Отан ана) монументі алдында салтанатты түрде ант қабылдады.

Жас сарбаздар Отан ананың алдында ант берді

Шара 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза болған Ішкі әскер жауынгерлерінің ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Бұл жерде құрметті қарауыл үш дүркін салют берді. Ал жиналған қауым ерлікпен қаза болған жауынгерлерді бір минуттік үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін Отан қорғаушылар монументі алдында биыл ішкі әскерге шақырылған және жас сарбаз курсын өткен жауынгерлер әскери ант қабылдады. Соңында жас сарбаздар салтанатты шерумен жүріп өтті.

Шараға Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығының, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Ішкі әскерлер ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары қатысты.