Жас сарбаздың жаумен күресі: Бас санитар оқушыларға вакцинаның маңызын қалай түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин астаналық мектеп оқушыларымен кездесіп, жұқпалы аурулар мен олардың алдын алу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өз сөзінде дәрігер иммунитет пен вакцина туралы мәліметті жеңіл мысалдармен жеткізуге тырысты.

«Әскерге жаңа шақырылған сарбазды елестетіп көріңдерші. Оған қарсы тәжірибелі жауынгерді қойса не болады? Айқасқа шығу үшін шынығу керек. Иммунитет те дәл сондай. Вакцина ағзаны шынықтырады. Вакцина ағзаға түскенде, ауруға қарсы денелер пайда болады. Вакциналар - ауруды қоздырғыштардың әлсіреген жасушалары, ең аз мөлшері. Ол адамға әсер етпейді, одан адам ауырмайды. Ағзаға вакцина енгенде иммунитет онымен күреседі де, ауруға қарсы денелерін қалыптастырады. Яғни, жауды есінде сақтайды. Одан үлкен инфекция келгенде жаттығудан өткен, тәжірибелі «сарбаздар» аурудың бетін қайтарады. Яғни, адам ауырмайды. Ал егер вакцина егілмесе - жаттығудан өтпеген жас сарбаздар жеңіледі, адам аурудан мұрттай ұшады», - деп түсіндірді бас санитар дәрігер №71 мектеп-лицейде өткен кездесуде.null

Ж. Бекшин вакцинадан бас тартудың өте күрделі жағдайларға әкеп соғатынын айтып, балаларды екпеге қарсы ата-ананың жаңсақ пікірін өзгертуге шақырды.

«Бүгінгі сабақта барлығың иммунитеттің не екенін, вакцинаның не үшін қажет екенін түсіндіңдер деп үміттенем. Баласына вакцина екпеген адамдарға зерттеу жүргізгенде, ата-аналардың 51% - вакцинаның маңызын білмейтінін, құнттамағанын анықтадық, 31% - діни көзқарастарына байланысты екпеден бас тартса, 6% - БАҚ немесе интернеттен түрлі жайттарды оқып, вакцинаға қарсы болған. Біз вакцина арқылы инфекцияның 21 түрінен қорғанамыз. Мұны ата-аналарға түсіндіріп айтыңыздар», - деді Ж. Бекшин.

Дәрігердің айтуынша, 2018 жылы 5 725 ата-ана вакцина егуден бас тартқан, дәрігерлердің түсіндірме жұмыстарынан кейін 3 106 ата-ана өз пікірін өзгерткен.

null null

Соңғы жаңалықтар