Жас сайлаушылар лигасы: Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің сайлауы сәтті өтті деуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас сайлаушылар лигасы сайлау учаскелерінде өткізген бақылаудың қорытындысы бойынша, сайлауды сәтті өтті деп бағалайды.
Бұл туралы Жас сайлаушылар лигасының ресми мәлімдемесінде хабарланды.
«Бақылау барысында оң үдеріс байқалды: учаскелік комиссиялардың жергілікті байқаушыларды қабылдауы жақсарды. 2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, байқаушылардың құқықтары едәуір аз бұзылды. Сонымен қатар учаскелердің техникалық жабдықталуы да жақсарған: көбінде бейнебақылау бар, сайлау процедураларына қатысты толық мағлұматтар ұсынылып отыр», - делінген Жас сайлаушылар лигасы басшысының мәлімдемесінде.