Жас суретші жеке көрмесін Абайдың 170 жылдығына арнады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі ашылады. Музейдің «Үкілі үміт» атты жобасы аясында ұйымдастырылған көрмесін жас таланат Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арнап отыр.
None
None

«Менің халқымның тарихы мен мәдениеті - мені шабыттандыратын ұлы күш. Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толды, сондықтан да менің көрмем толықтай осы тақырыпқа арналған»,-дейді өз сөзінде А.Әубәкір.

Ал музей директорының орынбасары Күләш Ақтаеваның айтуынша, Анардың туындылары жан-жақты сипатқа ие.

«Анар Әубәкірдің көрмесі қай жағынан алып қарасақ та қызықты. Оның жұмыстары адамды жалықтырмайды. Елімізде өткен көрмелердің бірінда Анардың жұмысын байқап, қатты қызықтық. Міне, ол біздің үмітті ақтап, бүгін жеке көрмесін өткізіп отыр», - деді К.Ақтаева.

Көрме осы жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.

Айта кетейік, Анар Әубәкір 1984 жылы 16 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Павлодар қаласындағы көркемсурет колледжін «дизайн бойынша сүретші - шебер» мамандығын тәмамдап Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «кескіндеме бакалавры» дәрежесін алған. Сондай-ақ «Кескіндеме магистрі» академиялық дәрежеге ие.

Соңғы жаңалықтар