Жас таланттар «Байқоңыр-2011» фантастикалық әңгімелер байқауына өз шығармаларын жіберіп, бақтарын сынай алады
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - 11 сәуір күні Астанада басталатын «Байқоңыр-2011» фантастикалық әңгімелер байқауы қазақстандық жастардың басын қоспақ.
«Байқау әлемдік ғылыми-фантастикалық ілім мен Ғарышты игеру ісіне қосқан үлесі үшін көрнекті қайраткерлер мен жас дарындарға берілетін «Байқоңыр» қоғамдық сыйлығы аясында өтеді», - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Сыйлық аясында мектеп оқушылары арасында Республикалық «Байқоңыр-2011» фантастикалық әңгімелер байқауы өткізілді. Жастар конкурсына әлемнің әр түкпірінен талапкерлер қатыса алады және жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Сонымен қатар, таныстырылым аясында «Барлығымыз бірге» қазақстандық форумында үздік жазушы-фантасттар, блогерлер, қызығушылық танытқан тұлғалар қатысатын online-конференциясы да өткізіледі.