Жас теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тағы жарыстың жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінде үздік шықты. 

Соня Жиенбаева
Фото: ҚТФ

Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.

С.Жиенбаева — С. Бродус финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 4:0, 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін корт иелері есепті сәл қысқартқанымен, Жиенбаева — Бродус сетті тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Соня — Саванна брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3.

Чемпиондық матч 1 сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша, Соня Жиенбаева жұптық сында титулды жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің финалында ойнайтынын жазған едік.

Денис Евсеев Мысырдағы турнирдің финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар