«Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдауға өзгерістер енгізілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерді қабылдауды жаңа ережелер бойынша жүзеге асырады.
None
None

Енді әскери мектепке жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білімі туралы куәлік алған жеткіншектер (бұдан бұрын іріктеу 7 сыныптан жүргізілді) оқуға түсе алады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жас ұлан» мектебіне түсу үшін жасөспірімдерге кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы тексерісі мен медициналық куәландырылудан өту қажет. Қабылдау кезеңдерін сәтті өту соңғы байқау іріктеуіне өтуді қамтамасыз етеді. Мұнда үш кезең мен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайы нәтижелеріне сәйкес қабылдау комиссиясы негізгі рейтингтік балл шығарады және оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Байқау іріктеуін бозбалалар тікелей «Жас ұланда» өтетінін айта кетейік. Сондықтан 10 тамызда олар еліміздің әр өңірінен Астанаға келеді.

«Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді терең оқытатын, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығы бар жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Соңғы жаңалықтар
Референдум