«Жас Ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметкерлерінің 35 отбасы пәтер алды
bsp; Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - «Жас Ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметкерлерінің 35 отбасы - тәрбиеші-офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер жайлы және кең пәтерлер алды,
деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, Жас ұлан» мектебі 1999 жылдың қараша айында Елбасы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. Оған Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Мектепте болашақ Отан қорғаушыларымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. «Жас ұлан» жалпы орта білім беріп қана қоймай, ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқытады. Мұнда алғашқы әскери даярлық пен дене тәрбиесіне ерекше назар аударылады. Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен, оқу-әдістемелік базамен қамтамасыз етілген.
Үкімет шешіміне сәйкес, елордалық әкімдік «Жас Ұлан» мектебіне «Жалға берілетін баспана» бағдарламасы бойынша «Эверест», «Ескендір» және «Табыс формуласы» тұрғын үй кешендерінен 35 пәтер беріп отыр.