12:26, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Жас ұрпақ алдыңғы буыннан үлгі алуы керек - Ахметжан Есімов
Ы. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Бүгін - қасиетті мереке". Отан қорғаушылар күніне орай Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне салтанатты гүл шоғын қою рәсімі кезінде осылай айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жаңа ақсақалдарға айттым, арттарыңызда іздеріңізді қуып келе жатқан біздің жас офицерлердің бәрі сіздерден үлгі алулары қажет. Отанын жан жүрегімен сүйіп, ол үшін жан қиюдан да қорықпау керек. Отан қорғау - әрбір азаматтың ұлы парызы", деді қала әкімі Ахметжан Есімов. Бұл шараға қалалық ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы мен Чернобыль апатын жоюға қатысушылар және жастардың ұйымдарының, сондай-ақ қарапайым жұртшылық өкілдері қатысты. Салтанатты шара барысында азаматтық парызын өтеу кезінде жан қиған Отан қорғаушылардың рухына тағзым жасалып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.