Жас ұрпақ ҰОС ардагерлеріне тағзым етті

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат/Айнұр Кенебаева/ - Бүгін Астанада Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінің алдында жас ұрпақ ҰОС ардагерлерінің ел алдындағы ерен еңбегі мен қан майдандағы ерлігіне тағзым етіп, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында оларды айтулы мерекемен құттықтады.
None
None

Мерекелік шара барысында Республикалық Жас Ұлан сарбаздары Әлия ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ шығармашылық ұжымы жұртшылық назарына мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған музыкалық-драмалық қойылымын және салтанатты концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Біз бүгінгі мерекелік шара арқылы қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк рухына тағзым етіп қана қоймаймыз, қайсар қос қарлығаш - барлық ержүрек жастардың символы іспеттес, сондықтан да біз бүгін ҰОС-да ерлік көрсеткен барлық ардагерлерге мың да бір алғысымызды білдірмекпіз», - деп Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина мәдени шараның негізгі мақсатына тоқталды.

Сәбила Мұстафинаның айтуынша, бүгінгі шара арқылы қала халқы ардагерлерге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіруге мүмкіндік алып отыр. Қазіргі таңда Сарыарқа ауданында 400-ге жуық ардагер бар.

«Біздің ардагерлеріміздің қоғамдық белсенділігі, жауапкершілігі, биік патриоттық рухы таңғалдырады. Олар егде тартқан жастарына қарамастан мектеп оқушыларымен жиі кездесіп, қоғамдық шараларға араласып, өсиет-өнегесін беріп жатады, сондықтан да ҰОС ардагерлерінің ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны айрықша», - деді әкім журналистерге берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар