Жас жігіт бөтен пәтерде өртеніп кете жаздады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының өрт сөндірушілері жанып жатқан пәтер ішінен жас жігітті алып шықты. Құтқарушылар адам өмірін сақтап қалу үшін пәтер есігін бұзып кіруге мәжбүр болған, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көршілер пәтердің түтіндеп жатқанын, ішінен көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, құзырлы органға хабарлаған. Анықтала келе, жас жігіттің ол пәтерде тұрмайтыны белгілі болған. Көршілердің айтуынша, ол 70 жастағы зейнеткерге келіп тұратын. Бұл жолы үйде ешкім болмай өзі қамалып қалған.

Құтқарушылар оны жедел жәрдем арқылы қала ауруханаларының біріне жөнелтті. Жас жігіттің денесіндегі күйік деңгейі мен оның жағдайы әзірге белгісіз. Болжам бойынша, өрт кіре беріс бөлмеден басталған.

Соңғы жаңалықтар