09:41, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Жас жігіт саябақтан салмағы 2,89 карат алмас тауып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Луизиана штатының тұрғыны Арканзас штатындағы ұлттық саябақтан салмағы 2,89 карат ақ түсті алмас тауып алды.
Fox News хабарлағандай, 20 жастағы Брэндон Календа алғашында бұршақтай ғана бағалы тасты шынының сынығы деп ойлап қалған, бірақ саябақ қызметкерлері оның бұл күдігін сейілтті.
Жас жігіт тасты ұлы Джексонның құрметіне Джекс деп атады. Алмастың құны шамамен 20 мың долларға бағаланған, алайда Календа әзірге оны сататын ойы жоқтығын айтты. "Алмас кратері" саябағының ерекшелігі сол, мұнда келген кез келген адам бағалы тасты іздеп тауып алған соң олжаларын өздеріне қалдыра алады. Айта кетейік, жыл басынан бері бұл саябақтан салмағы шамамен бір карат болатын 40-тан астам бағалы тастар табылыпты.