Жас жігітті сауда орталығында пышақтап кетті - Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде жас жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігітті сауда орталығында пышақтап кетті - Қостанай

Оқиға кеше Қостанай қаласында болған.

«29 жастағы ер адам 23 жастағы жігітке пышақ жұмсаған. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Полицейлер күдіктінің «ізін суытпай» қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.