Жас жиһанкез Лаура Деккер әлемдік саяхатқа аттанды

АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Голландиялық 14 жасар жас жиһанкез Лаура Деккер сенбі күні жалғыз өзі әлемдік саяхатқа аттанды. Бұл туралы Лаура туралы фильм түсіру құқығына ие болып отырған голландиялық «Масмедиа» телекомпаниясының өкілдері хабарлады.
None
None

Жас жиһанкез Португалияның Портиман қаласының айлағынан жолға шықты. Деккер осы жерден Оңтүстік Америка жағалауына аттанады, ол жолда бірнеше рет Канар аралдарына аялдамақ. Лаура мінген «Гуппи» яхтасының жолы әрі қарай Гран-Канария аралынан Барбадосқа дейін жалғасады. Одан кейін жас жиһанкез Кіші Антиль аралдарына аялдап, қорын толықтырады және Панам арнасы арқылы Тынық мұхиттың суына шығады. Галапагос аралдарынан Маркиз аралдарына дейінгі аралықта, одан кейін Маркиз аралдарынан Австралия жағалауына дейінгі аралықты бағындырғанннан кейін, «Гуппи» әрі қарай Шри-Ланкаға бет алады. Одан кейінгі Суданға бет алатын Лаура, одан кейін Қызыл теңізге және Суэцк арнасы арқылы Жерорта теңізіне шықпақ.

Жер шарын айналып шығып, ең жас теңізші атанғысы келетін голландиялық Лаура Деккерге саяхатқа шығуға сот жақында ғана рұқсат берді. Былтыр сот жас жиһанкездің мұхитта жалғыз жүзуіне тыйым салып, оны мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қамқорына уақытша орналастырған еді.

Лаураның Жер шарын айналып шыққан ең жас яхташы атану үшін өзінің сегізметрлік «Гуппи» яхтасын суға түсіруді армандағанына біраз уақыт болып қалды. Қазіргі уақытта бұл рекорд ағымдағы жылдың мамыр айында жер шарын жалғыз айналып шыққан 16 жасар Джекссика Уотсонның уысында.

Жас теңізші атануды армандаған Лаура Деккер 2009 жылдың желтоқсан айында сот қаулысын бұзып, Голландиялық Антиль аралдарына қашып кеткен еді. Ол сол жерден үйіне қайтарылды. Ал жақында Мидделбург қаласының соты 14 жасар жиһанкезге жалғыз жүзуге салған тыйымдарын алып тастады. Лаура Деккер, ата-анасы жер шарын айнала жетіжылдық саяхат жасап жүрген кезде, Жаңа Зеландия жағалауында яхтада дүниеге келіпті. Ол өзінің алғашқы яхтасына 6 жасында қол жеткізген және 10 жасынан бастап жалғыз өзі жүзе бастаған.

Соңғы жаңалықтар