Жасаған бомбасы өзінің түбіне жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Приморье өлкесінің Кавалеровский ауданындағы Синегорье ауылының тұрғыны қолдан жасалған бомбаны жарып алды.

Жасаған  бомбасы өзінің түбіне жетті

Жергілікті полицейлер осы оқыс оқиғаға байланысты тексеру жүргізуде, деп хабарлады ІІМ жергілікті басқармасынан.

Жарылыс жеке сектордағы тұрғын үйдің ауласында болған. Полиция қызметкерлері мен Тергеу комитеті анықтағандай, 42 жастағы ер адам ұңғыны тазарту үшін бомба жасаған.