Жасалған қылмыстар саны бойынша ШҚО төртінші орында тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірдегі полиция департаменті басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда аса ауыр қылмыстар саны 35%-ға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.
None
None

Сондай-ақ ауыр қылмыстар, яғни қарақшылық шабуыл 26%-ға, тонау 19%-ға бұзақылық 20%-ға едәуір азайған.

«Облыс аумағындағы криминогендік жағдай жалпы алғанда тұрақты, соңғы үш жыл ішінде қылмыс саны төмендеуде. Ағымдағы жылы оның саны 20 мың қылмысты құрады», - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Полиция департаменті бастығының айтуынша, жасалған қылмыс саны жөнінен Шығыс Қазақстан облысы Алматы қаласы, Алматы облысы және Астана қаласынан кейінгі төртінші орында тұр.

«Әрине, күшіміздің басым бөлігі екі үлкен қала - Өскемен мен Семейдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Жанарбек Бақтыбаев. - Өңірдің қалаларында 10 айдың ішінде облыс бойынша барлық қылмыстардың 68%-ы тіркелген. Аталған қылмыстар аймақтағы криминогендік жағдайдың қандай екенін анықтайды».

Соңғы жаңалықтар