Жасанды интеллект министрлігі Aitu мессенджеріне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Aitu мессенджерінің дамуына қатысты пікір айтты. 

AITU мессенджері
Фото: Коллаж: Kazinform/ Canva

Оның айтуынша, қазір Aitu өнімін қолдану аясында айына 1 млн-нан астам белсенді пайдаланушы қамтылып отыр. Соның арасында Aitu-дағы мессенджер мен басқа да сұранысы бар қызметтер пайдаланылып жатыр.

— Aitu өніміне тоқталсақ, оны Жасанды интеллект және цифрлық даму даму министрлігі немесе қандай да бір мемлекеттік компания тікелей әзірлемеген. Оны BTS Digital компаниясы әзірледі. Әрине, осы өнімнің тиісті деңгейде дамуына қатысты өзара байланыс жасауға тырысамыз», — деді Р. Коняшкин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол елімізде басқа да мессенджерлерге қатысты қандай да бір шектеу жасалмағанын еске салды.

— Aitu платформасында мессенджерден басқа қосымша мүмкіндіктерді ұсынылған, яғни жаңалықтар таспасы, музыкалық контент және өзге де контент қамтылған. Сондықтан әркім өзінің таңдауына қарай мессенджерді пайдаланады, — деді вице-министр.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Мемлекет басшысы Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын сынға алған еді.

Атап айтқанда, Қазақстандық цифрлық нарықтағы мессенджерлер бәсекесі дәстүрлі шетелдік көшбасшылардың ықпалымен ғана емес, сонымен бірге жергілікті IT өнімдердің дамуы арқылы да ерекшеленіп жатыр. Солардың бірі — AITU мессенджері. Жоба Қазақстанның цифрлық егемендігін нығайтуға және ішкі нарықта жаңа экожүйе қалыптастыруға бағытталған

Соңғы жаңалықтар