Жасанды дәрілердің ішінде Виагра көш бастап тұр - Л. Пак

Бұл жайында бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак арнайы өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
«Виаграның алғашқы орында тұруы оған деген сұраныстың көптігін көрсетеді. Қазір жасанды өнім өндірушілер көзбен айыруға қиынға түсетін өнімдерді шығаруға дағдыланған. Нарыққа кіру тәсілдері, жасырын жеткізу, қоймаларының болуы оларды құрықтауға қиындық тудыруда», -дейді Л. Пак.
Сонымен қатар ол кедендік қызмет немесе полиция органдарының күш салысулары жеткіліксіз екендігін айтады. "Себебі олар денсаулық сақтау және емдік дәрі-дәрмектер сапасын бақылау саласында сарапшы емес, сондықтан бұл мәселеге қарсы бірлесіп күресу тиімді", -дейді Л. Пак.
Жалпы 2003 жылдан бері 90-нан аса жасанды дәрі-дәрмекті тәркілеу факты тіркелген.