«Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Бұрын элиталық президент резиденциясы болған Павлодар облысындағы «Жанбақы-Арнасы» (қазіргі «Jasybai Resort» демалыс орны) мемлекет меншігіне қайтарылды.

Jasybai resort
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов хабарлады. 

— Бұрын элиталық резиденция болған «Jasybai Resort» демалыс орны мемлекет меншігіне қайтарылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан элиталық демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды. Алайда басында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл демалыс үйінің иесі болған. Кейін оны басқа ЖШС иеленген. Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен «Jasybai Resort» демалыс үйі Баянауыл ауданы әкімдігінің балансына берілді, — дейді Әсет Оспанов.

Жасыбай көлінің жағасындағы бұрынғы президент резиденциясы жекешелендіруге жатпайды. Сот бұрынғы сатып алу-сату шартын және мүлікті жарғылық капиталға қабылдау-тапсыру актісін жарамсыз деп таныған.

Еске сала кетейік, Антикор соңғы бес жылда Ертіс орманының 2 мың текше метрі оталып кеткенін анықтады.

Фото: мына жерден алуға болады 

Соңғы жаңалықтар