Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Хасенұлы Мәдиев қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаслан Мәдиев
Фото: Үкімет

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарлдамада.

Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.