Жасөспірім бір моторлы ұшақпен Жер шарын айналып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Дакотаның Мэтт Гатмиллер (Matt Guthmiller) есімді 19 жастағы бозбаласы - жалғыз өзі бір моторлы ұшақпен саяхатқа шыққан ең жас ұшқыш. Ол 46 мың шақырымдай ұшып өткен.

Жасөспірім бір моторлы ұшақпен Жер шарын айналып шықты

Гатмиллердің саяхаты 31 мамырда басталып, дүйсенбі күні түнде аяқталған. Ол Калифорния штатында орналасқан Гиллеспи Филд әуежайына қонды.

Гонолулу да басталған соңғы ұшуында ол 16 сағат ұшқан. Ұшқыш Тынық мұхитының үстімен өткен, деп жазды РИА Новости.

Бұрынғы рекордты австралиялық Райан Кэмпбелл (Ryan Campbell) орнатқан. Саяхат жасап болғаннан кейін оның жасы 19 жас 7 ай 25 күн болған. Гатмиллер бұл жасқа 24 шілдеде ғана толады.