Жасөспірім «каратэ» секциясынан кейін көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қарасты Дубовка елді мекенінің 14 жастағы жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірім «каратэ» секциясынан кейін көз жұмды

Ведомство мәліметінше, 8 наурыз күні Дубовка елді мекенінің 14 жастағы жасөспірім облыстық кардиология орталығына апара жатқан кезде, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

«Полиция қызметкерлері марқұмның «каратэ» секциясында бапкердің қатысуымен болған жаттығу кезінде дене жарақатын алғандығын анықтады. Орын алған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорытындысы бойынша жаттықтырушы мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Басқа ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп атап өтеді департаменттен.