Жасөспірім Лондоннан Нигерияға ұшақ шассиіне жабысып жеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериялық жасөспірім Лондоннан ұшақтың шассиге арналған бөлігіне жабысып Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос қаласына аман-есен жеткен.
Азаматтық авиация өкілдері 15 жасар Нигерия азаматының 9,5 мың метр биіктікке тән 50 градус суықтықта әрі 12 сағат бойы қалай тірі қалғандығын біле алмай отыр.
Билетсіз жолаушыны Med-View Airline әуе компаниясының Boeing 747 ұшағының техникалық бөлігінен тапқан. Жасөспірімнің сөзіне қарағанда, ол Лагосқа ұшып барып, кері қайтуды көздеген, деп хабарлайды AFP.