Жасөспірім полицейді атып, артынша өз-өзіне қол салған

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Алтай Республикасында жасөспірім полиция қызметкерлеріне оқ жаудырып, артынша өзін атқан.
None
None

Өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша тергеуалды тексеру жүргізілуде, деп хабарлады сейсенбі күні өңір бойынша ТК ТБ баспасөз қызметінен. Оқиға Ұлаған ауданы Балыктуюль ауылында орын алған. «Жасөспірім өз үйінің терезесінен полиция қызметкеріне бірнеше рет оқ жаудырған. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған», деп хабарлады ведомстводан. Қару тіркелмеген.

Қазір мамандар мылтықтың жасөспірімнің қолына қалай түскенін, оны оқ атуға, өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғанын анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар