22:45, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Шиелі ауданының Еңбекші ауылында Екінші дүниежүзілік соғысының және еңбек ардагері Байтілес Жүсіпұлын еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА.
Аудан әкімдігінен мәлім еткендей, жарысқа Қызылорда қаласы мен Сыр бойының барлық аудандарынан және көрші Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының палуандары қатысты.
«Туған жер» бағдарламасына сай ұйымдастырылған шараны Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Байтілес қарияның ұлы, белгілі қаламгер, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін білдірсе, еңбек ардагері Есіркеп Шәдібеков те қазақтың алтын бесігі ауылды көтеру тұрғысындағы осындай шаралардың көп қолдауына ие болатындығын жеткізді.
Турнир қортындысында жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.