Жасөспірімдер арасында өтетін жазғы олимпиадаға Қазақстан тағы бір жолдама алды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылы тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін ІІ жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан тағы бір жолдама алды.

Жасөспірімдер арасында өтетін жазғы олимпиадаға Қазақстан тағы бір жолдама алды

Халықаралық су спорты федерациясы Қазақстанға жүзуден бір жолдама берді. Ал осыған дейін біздің ел ауыр атлетикадан төрт, садақ атудан бір жолдама иеленген болатын. ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі 35 жолдама алуды жоспарлап отыр, деп хабарлады »Аламан».

.