Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар сәтті өткізуде

АЛМАТЫ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Украинаның Киев қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 7 қыркүек күні басталған бұл байрақты бәсекеге 52 елден 351 боксшы қатысқан болатын.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қазақстандық боксшылар сәтті өткізуде

Онда Әзірбайжан, АҚШ, Беларусь, Венгрия, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Украина елдері 13 салмақ дәрежесі бойынша толық құрамын қосты. Жексенбі күнгі алғашқы сында 8 қазақстандықтан Сабыржан Әбілов (54 кг) пен Жұмагелді Раев (75 кг) қарсыластарын 3:0, ал Әлімжан Бескемпір (46 кг) 2:1 есебімен ұтқан еді. Кеше олардың жеңісті жолын Рахат Маржықпаев (66 кг), Стоян Мазур (50 кг), Абылайхан Жүсіпов (57 кг) одан әрі қарай жалғастырып, өз жекпе-жектерін 3:0 есебімен аяқтады.

Бүгін енді С.Әбілов американдық Девин Ред Ханеймен, Бекнұр Құлан (60 кг) монғолиялық Униболд Риеншиндоржбен, Ж.Раеев венгриялық Венси Матузбен, Дмитрий Зиско (80 кг) молдовалық Михаил Симилимен, А.Бескемпір армениялық Сергей Гетевониянмен, Бауыржан Темірхан (52 кг) кореялық Гуансу Жеонспен, Владислав Столвойский (63 кг) венгриялық Марк Контресзбен күш сынасуда.