Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілер Ә.Дайыр мен Д.Попко қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанжин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілер Әсия Дайыр мен Дмитрий Попко қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілер Ә.Дайыр мен Д.Попко қола жүлдеге ие болды

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ең алғаш рет 2009 жылы Сингапурде өткен болатын. Ағымдағы жылы байрақты бәсеке спорттың 17 түрінен өтеді. Жүлделі орындар үшін 45 елдің спортшылары бақ сынайды.