Жасөспірімдер арасындағы І Қысқы Олимпиада ойындары қазақстандық хоккейшілер үшін сәтсіз басталды
АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Австрияның Инсбрук қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы І Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық хоккейші қыздар алғашқы ойынын өткізді.
Жарыс қожайындарымен өткен бұл ойын 1:8 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.Қазақстан құрамасы келесі ойындарын енді 15 қаңтарда - Швеция, 17 қаңтарда - Словакия, ал 17 қаңтар күні Германия спортшыларымен өткізеді.
Жалпы,13-22 қаңтар күндері 14-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында өтетін бұл дүбіріл доданың бағдарламасына тау шаңғысы, бобслей, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, фристайл, тұғырдан шаңғымен секіру, шанамен жарысу, мәнерлеп сырғанау, сноубординг, скелетон, шорт-трек, хоккей сияқты спорттың 15 түрі еніп отыр. Онда барлығы 63 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстан бұл бәсекеге спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қосып отыр.