Жасөспірімдер ересек отандастарын сайлауда дауыс беруге үндеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана, Шымкент және Атырау қалаларының кәмелетке толмаған жастары қазақстандықтарды 19 наурыз күін дауыс беруге шақырды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау күні дауыс бермей, үйде қалу, кейін өзгелерді теледидардың алдына отырып алып сынау оңай болып көрінуі мүмкін. Мұндай әрекет мойындағы жауапкершіліктен босататын сияқты көрінгенімен, адам табиғатын бұзады. «Менің қатысым жоқ. ОЛАР бүлдірді» дейтін ұстаным қолайлы болғанымен, Қазақстанды құрдымға сүйрейтін әдет. «ОЛАР» деген болмау керек. «МЕН» ғана бар. Біздің болашағымыз әрдайым бүгін не істегенімізге байланысты», - дейді бейнероликтегі жасөспірімдер.
Үндеуге атсалысқан жастар 18-ге де толмаған. Заң бойынша олар дауыс бере алмайды. Дегенмен елде болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсініп отыр. Жаңа Қазақстанның өздерінен басталатынын жауаптылықпен сезінеді. Олардың мәліметі бойынша 2016 - 2021 жылдар аралығында депуттатар сайлауында берілген дауыстың мөлшері 13,8% азайып кеткен. Яғни, дауыс берушілердің белсенділігі төмендеген.
«Біздің жасымыз 18-ге толмағаны маңызды емес. Айналамызда болып жатқан дүниелердің саясатпен байланысты екенін жақсы түсінеміз. Осы үндеуіміз арқылы сайлау құқығы бар отандастарымызды сайлау күні учаскелерге барып, дауыс беруге шақырғымыз келеді. Әр дауыс маңызды екенін түсініп, сайлауға бару қарапайым азамат үшін жай бір шаруа болғанымен, елдің ертеңі үшін маңызды қадам. Сайлауға әрқайсымыздың даусымыз Екібастұздағы апат сияқты қиындықтардың жолын кесетініне сеніп бару маңызды. Біздің бүгінгі таңдауымыз – ертең бірге өткеретін болашағымыз», - дейді «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының белсендісі Владимир Изюменков.