Жасөспірімдер көп ұйықтауы керек

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Балалардың көп ұйық­тауынан қауіптен­беген жөн. Питтсбург универси­те­тінің ғалым­да­ры ұзақ ұйқының жас ағза­ның инсулиндік тө­зім­ділігін арттырып, су­са­мыр дертінен қорғайтынын анықтады.
None
None

Бұл туралы Алаш айнасы жазып отыр.

The Indian Express басылымы­ның ха­­барлауынша, ғалымдар жо­ғары сы­ныпта оқитын 245 оқу­шы­ның ұйықтау ұзақ­тығы мен ре­зистенттілік (ин­сулин­нің бөгде зат­тар­ға қарсы тұруы) көр­сеткішін зерт­теген. Апта бойы жас­өспірім­дерден қан үлгілері алынып, тал­дау жасалды. Ұйқы режиміне қа­тыс­­ты арнайы күнделік жүргізілді. Зерт­­теудің нәтижесінде ұйқысы қан­бай жүрген балалардың ұйық­тау уа­қы­тын бір-екі сағатқа ұлғай­туы ағза­да­ғы инсулиндік беріктікті 9%-ға арт­­тыратыны анықталды. Ға­лым Карен Мэттьюздің айтуын­ша, ағза резис­тент­тілігі көрсеткі­шінің артуы адам­ды ерте жастан су­самыр ауруы­нан қорғауға мүм­кін­дік береді.

Соңғы жаңалықтар