Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындары-2014 және 7-ші қысқы Азия ойындары - бірге

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Алматыда жексенбі күні халықаралық «Нанджин-Алматы-Астана-Мәскеу-Батыс Еуропа» автокеруені жолға шықты. Ол 2014 жылғы Жасөспірмдер Олимпиадалық ойындарын және 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары идеяларын насихаттауға арналған, деп хабарлады Азиада-2011 атқарушы дирекциясының баспасөз қызметі.
None
None

Тамыздың 21-інде 8 машинадан тұратын автокеруен Қазақстан елордасы - Астанаға келеді, «Астана-Арена» стадионының алдына 2011 жылғы 7-і қысқы Азия ойындарына қанша күн қалғанын есептейтін табло жанында оларды үлкен делегация қарсы алады. Автожорықтың барлық 33 қатысушысы - қытайлық Нанджин қаласындағы «Халықаралық байланыстар бойынша мәдениетті дамыту қоғамдық қорының» өкілдері. Онда 2014 жылы Жасөспірімдер Олимпиадалық ойындары өтеді. Қытай делегациясын Қор жетекшісі Жанг Пинг басқаруда.

Ұйымдастырушылардың бірі, «Saffat capital group» ЖШС директоры Жанар Әлімбекованың айтуынша, әуелде автокеруен басқа жолмен Моңғолия арқылы тікелей Ресейге өтпек болған. Қытайлық әріптестер Жастар Олимпиада ойындарымен бірге Ақ Олимпиаданы да насихаттау идеясын қолдады. Енді автокеруен үстімен өткен жерлердің бәрінде де Азиада жөнінде елдер мен адамдар көбірек білетін болады.

Сөйтіп, автокеруен 6 күн бойы Алматы, Балқаш, Астана және Қостанай қалалары арқылы жүріп өтіп, Ресейге өтеді, жолда бірнеше қалаларда болып РФ астанасы - Мәскеуге жетеді. Одан әрі сапар Батыс Еуропаға бет алады. Олар Финляндия, Голландия, Швеция, Дания, Германия, Нидерланды, Франция, Швейцария, Италия арқылы Олимпиадалық ойындар отаны - Грекияға табан тірейді.

Автокеруенмен кездесудің ұйымдастырушылары - «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ және Азиада-2011 эстафета алауы дирекциясы.

Соңғы жаңалықтар