Жасөспірімдер олимпиадасы. 18 спортшы ел намысын қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында ІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бұл сынға Қазақстан атынан 18 спортшы бақ сынайды, деп жазады «Аламан» порталы.
Қазақстан делегациясы Лиллехаммерге 10 спорт түрінен қатысады. Қазақстанның еншісіндегі 18 жолдамаға еліміздің 10 облысының спортшылары иелік еткен.
Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың ішінде мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен жас биатлоншы Арина Пантовадан медаль күтетініміз жасырын емес. Тұрсынбаева қазірдің өзінде бірнеше халықаралық жарыста жүлдеге ие болған. Ал Пантова биатлоннан 2016 жылғы жасөспірімдер арасында чемпион атанған.
Лиллехаммерге баратын спортшылар:
Биатлон: Арина Пантова (Павлодар), Евгений Красикова (ШҚО), Дарьни Иван (ШҚО), Жанболатов Берік (Алматы облысы).
Конькимен жарысу: Мухамедеев Анвар (Алматы), Громова Мария (СҚО)
Шаңғымен жарысу: Лювт Иван (ШҚО), Тарасева Анастасия (ШҚО)
Мәнерлеп сырғанау: Тұрсынбаева Элизабет (Қызылорда)