Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Екінші «алтынды» Диас Бахраддин иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айресте  (Аргентина) 2018  жылғы  жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Екінші «алтынды»  Диас Бахраддин иеленді

Екінші алтынды  байдарка мен каноеде ескек есуден жарыс жолына шыққан Диас Бахраддин олжалады.  Ол финалда каноеде  өзбек Исломжон Абдусаломовты артқа тастады. Бахраддиннің уақыты 1:54.660 болды, ал оның қарсыласы - 1:55.170. 

Сондай-ақ ескек есуден Қазақстанға «қоланы» Стелла Суханова әперді. Ол венгриялық Эстер Рендессиге («алтын») және словакиялық Катарина Пецшуковаға жол берді.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын алғашқы алтынды 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі  дзюдошы Бекарыс Сәдуақас  олжалаған еді.