Жасөспірімдерді әскери учаскелерге тіркеу аяқталды - ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында азаматтарды әскери шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды. Биыл қаңтар айы мен наурыз айы аралығында 1998 жылы туылған қазақстандық жастар тіркелді.
None
None

«Осы уақыт аралығында Қазақстан бойынша «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне 100 000-ға жуық адам тіркелді. Бұл іс-шараны тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар арқылы жергілікті атқарушы органдар өткізді. Тіркеу науқаны аясында азаматтар әскери есепке алынып, алдағы уақытта әскер қатарына шақырылушылардың саны анықталады», делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар жастардың білімі, мамандығы, дене даярлығына қарай отырып, әскери қызметке жарамдылығы белгілі болады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтіп, емделуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастар емдеу-сауықтырудан өтеді.

Атап айтқанда, денсаулық жағдайы және басқа да мәліметтер бойынша жарамды деп танылған әскерге шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында оқу ұсынылды. Бұл жерде балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көп балалы тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар ерекше назарда болмақ.

Соңғы жаңалықтар