Жасөспірімдерді вакциналау маңызды – алматылық дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия кезінде жасөспірімдерді вакциналау қажет. Бүгінгі күні Алматыда 18 399 жасөспірімге вакцина салынды.

Жасөспірімдерді вакциналау маңызды – алматылық дәрігер

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында №16 емханасының педиатр-дәрігері Зәмзәм Молдағалиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігер жасөспірімдер – гормондық қайта құрылымдау жүріп жатқан балалардың ерекше тобы екенін атап өтті.

Жас балалардан айырмашылығы, оларда ауру қауіпті болуы мүмкін, сонымен қатар олар әлеуметтік белсенді және инфекцияның қоздырғышы. Балалар мен ересектердің өзара қарым-қатынас процесін тоқтататын жалғыз әдіс – вакциналану.

«Біздің елімізде жасөспірімдерді comirnaty препаратымен вакцинациялау Pfizer шығарылымы 12 қарашада басталды. Бұл ДДҰ жасөспірімдерді вакцинациялау үшін ұсынған жалғыз вакцина. Бұл вакцина әлемнің 20-дан астам елінде балаларға арналған. Біздің балалар вакцинацияға төзімді, жанама әсерлер тіркелген жоқ. Оқшауланған жағдайларда жергілікті реакциялар байқалды – инъекция орнында ауырсыну, ісіну және қызару», - деді педиатр.

Сонымен қатар, ол вакцина балаларды вирустан барынша қорғайтыннын тағы бір мәрте еске салды.

«Вакцина балалардың өздерін ғана емес, айналасындағыларды да қорғайды. Өйткені, кең әлеуметтік байланыстары бар жас ұрпақтың өкілдері неғұрлым көп егілсе, вирустың таралуы соғұрлым қиын болады», - деді Зәмзәм Молдағалиева.

Оның айтуынша, балаларда коронавирус аясында ішкі ағзаларға әсер ететін көп жүйелі Кавасаки қабыну синдромы пайда болуы мүмкін.

«Мұндай синдромы бар балалардың дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріледі, қысым төмендейді, оттегі жетіспеушілігі пайда болады, жөтел, жүрек айну, құсу, бөртпе, буындар мен бұлшық еттердің ауыруы пайда болады, аяқ-қол ісінеді. Сонымен қатар, баланың жүрек-тамыр жүйесі зақымданады», - деді дәрігер.

Зәмзәм Молдағалиева қысқы демалыс басталғанға дейін 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе жасауға шақырды.

«Жасөспірімдерді вакциналау өте маңызды. Ересектер де вакциналанулары тиіс, өйткені вакциналардағы барлық заттар халықаралық стандарттарға сәйкес, ағза үшін қауіпсіз концентрацияда болады, сондықтан вакциналану, кейбіреулер айтқандай, бедеулікке де, организмдегі мутация процестеріне де әкелмейді»,-дейді ол.