Жасөспірімдердің құқын қорғайды деген орган заң бұзды - прокуратура

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада қалалық құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде. Отырыс барысында прокуратура өкілдері елордада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесінің талапқа сай еместігін атап көрсетті.
None
None

Қалалық прокуратура өкілдері жуырда ғана осы мәселе бойынша, яғни құқық қорғау және өзге де құзырлы органдардың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарын тексере келе осындай байлам жасаған. Тексеру жүргізілген Астана қаласының Ішкі саясат және Білім басқармалары мен Ішкі істер департаменті сондай-ақ Астана әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық және тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алу мақсатында өздерінің құзырлары мен заң аясында бірқатар шаралар атқарған. Алайда осы жұмыстар барысында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу мен олармен байланысты жағдайды сауықтыруға кері әсер ететін мәселелерді анықтаған. Нақтырақ айтқанда, Астана қалалық Ішкі істер басқармасының конкурстық комиссиясы тиісті заңдарды бұза отырып, біліктілік талаптарына сай келмей тұрғандығына қармастан «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорын конкурстың жеңімпазы деп тауып, аталмыш ұжымға жасөспірімдер арасындағы жағдайды сауықтыру шараларын ұйымдастыруға арналған 2 миллион 550 мың теңгені бөліп берген.

Соңғы жаңалықтар