Жасөспірімнің 232 артық тісі болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Мумбайлық хирургтар 17 жастағы Ашика Гаваидің артық 232 тісін жұлып тастады.
Ата-анасы жасөспірімнің астыңғы жағының оң жағында пайда болған ісіктен қауіптеніп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәрігерлер баланың амандығы үшін артық тістерден арылмаса болмайтынын айтқан және шұғыл ота жасау керектігін алға тартқан.
Ата-анасы келісім берісімен іске кіріскен дәрігерлер 7 сағатқа созылған ота жасады. Енді балада сау адамдардікіндей 28 тіс қалды, деп жазады Lenta.ru.