Жасөспірімнің үстіне қақпа құлады: полиция тергеу жүргізіп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 16 жастағы баланың үстіне футбол қақпасының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанайда қалалық полиция басқармасына кәмелеттік жасқа толмаған баланың үстіне футбол қақпасының құлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі «Немқұрайлылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады полицияның баспасөз қызметінен.

Қажетті тергеу шаралары кешені жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, зардап шегушіні Нұр-Сұлтанға жеткізу туралы шешім қабылданған. Дүйсенбі күні оны санавиациямен Ана мен бала орталығына жеткізеді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бала жасанды жолмен тыныс алып жатыр.

Еске салайық, Қостанайда футбол қақпасының құлауы салдарынан 16 жастағы бала зардап шекті. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр. Жасөспірімге бірнеше рет ота жасалды.

Соңғы жаңалықтар