Жасөспірімдер қысқы олимпиадасы өтетін Канвондо қаласы туристерді несімен тартады

Буддийский храм Волджонгса в Южной Корее
Фото: Данира Искакова/Kazinform

19 қаңтардан 1 ақпанға дейін Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясында 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер олимпиадасы өтеді. Бұған дейін Kazinform агенттігінің тілшісі маңызды спорттық іс-шараға дайындық барысымен таныстырған болатын. Бұл жолы Олимпиада кезінде провинцияның көрікті жерлері туралы жазамыз.

Канвондо - Корея Республикасындағы провинция, әкімшілік орталығы Чунчхон қаласында орналасқан. Провинция 7 қала мен 11 уезге бөлінген. 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер олимпиадасы провинцияның төрт қаласы мен уезінде өтеді: Пхенчхан, Каннын, Чонсон және Хенгсон.

«Канвон» - корей тілінен аударғанда «аспаннан түскен тірі жер» дегенді білдіреді. Бұл термин провинцияға бірнеше ғасыр бұрын берілген және бүгінгі күнге дейін оның табиғи ерекшеліктерін көрсетеді. Канвондо аумағының 80%-дан астамы тау мен орман. Аталған мекен өзінің керемет табиғи пейзаждарымен және көрікті жерлерімен танымал.

Провинцияда баруға болатын қызықты орындардың бірі - әйгілі Волджонгса будда храмы.

Буддийский храм Волджонгса в Южной Корее
Фото: Данира Искакова/Kazinform

Қасиетті ғибадатхананы 643 жылы монах Силла Джаджан салған. Бұл жер шырша орманымен танымал. Ормандағы ағаштардың биіктігі 30 метрден асады.

Ғибадатхана тарихы көнеден сыр шертеді және келушілерді сұлулығымен өзіне тартады.

Буддийский храм Волджонгса в Южной Корее
Фото: Данира Искакова/Kazinform

Көптеген мәдени мұра нысандары, соның ішінде сегіз қырлы 9 қабатты тас пагода (48 ұлттық қазына) және Бодхисаттва ұлттық қазына бар. Провинцияда қазіргі заманғы өнердің жұмбақ әлеміне есік ашатын DEEP DIVE мұражайы бар. Оны «жұмбақ әлемге саяхат» деуге болады. Бұл 2021 жылдың желтоқсанында Канненде есігін ашқан заманауи туристік орын. Мұражайда әсерлі визуалды және дыбыстық эффектілерді, айналар мен хош иістерді қолдана отырып жасалған медиа-өнердің бірегей көрмесі бар. Мұнда келушілер қызықты атмосфераға енеді, өйткені кеңістік «Гүлдер», «толқын», «жағажай» тағы сол сияқты 12 тақырыптық аймаққа бөлінген. Бұл орын қонақтарды ерекше әртүрлі хош иісімен таңғалдырады.

Егер сіз әдеби мұраға қызығушылық танытсаңыз, Хо Гюн мен Хо Нансольхон мемориалдық саябағы барыңыз. Каннындағы саябақ Хо Гюн және Хо Нансольхон ағалы-қарындасты жазушылардың құрметіне ашылған. Үлкен ағасы Хо Гюн тарихта өзінің орнын Чусон әулеті дәуіріндегі алғашқы корей романын жазды. Оның қарындасы Хо Нансольхон әйелдер арасындағы ең ұлы жазушы ретінде танылған. Саябаққа мемориалдық зал, сондай-ақ дәстүрлі шай орталығы бар.

Магия көшесі - Каннын қаласының орталығы арқылы өтетін қараусыз қалған теміржол орнында салынған мәдени-саябақ құрылымы. Каннын жоңған базарының жанында орналасқан, бұл көше өзінің тағамдарымен танымал және заманауи кең бульварларда жайбарақат серуендеуге тамаша орын.

Сонымен қатар, халық арасында Магия көшесі өзінің романтикалық атмосферасымен келушілерді тартады.

Соңғы жаңалықтар