Жасөспірімдер Олимпиадасы: отандық велошабандоз үздік алтылыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM — Глеб Новиков тасжолдағы велоспорттан жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Глеб Новиков Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жекелей уақытқа жарыста сынға түсті.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 10 минут 34.15 секундта жүріп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.
Тимотей Михалик (Словакия) жарыста топ жарды — 10:10.20. Италиялық Лоренцо Чеккарелло екінші орын алды — 10:17.94. Ал бельгиялық Даан Вилмсен үздік үштікті түйіндеді — 10:20.39.
Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алғаны белгілі болды.