Жасөспірімдер Олимпиадасы: Жарысқа қатысатын спортшылардың аты-жөні анықталды
19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.
Биатлон:
Алема Қарабаева
Ильяс Хасенов
Эвелина Мезенцева
Антон Редькин
Мария Воробьева
Кирилл Зотов
Тау шаңғы спорты:
Ростислав Хохлов
Александра Скороходова
Керлинг:
Мерей Тастемір
Ибрагим Тастемір
Конькимен жүгіру спорты:
Руслан Жанаділов
Михаил Матрюхин
Алина Шумекова
Кристина Шумекова
Шаңғы жарыстары:
Берік Боранбаев
Әубәкір Тотанов
Милана Мамедова
Виолетта Митропольская
Шаңғымен тұғырдан секіру:
Илья Мизерных
Илья Шильников
Софья Шишкина
Алена Свириденко
Фристайл-могул:
Юлия Феклистова
Денис Раструба
Шорт-трек:
Мейіржан Төлеген
Ерасыл Шыңғысхан
Анастасия Астраханцева
Полина Омельчук
Шайбалы хоккей 3х3:
Темірлан Айболұлы
Бексұлтан Мақыш
Арсений Кучковский
Әділхан Саттар
Никита Кулаков
Матвей Решетько
Расул Тұрсынов
Арман Төлен
Жахангер Тілеухан
Таир Бигаринов
Егор Кравченко
Роман Мичуров
Әнуар Ахметжанов
Шаңғы қоссайысы:
Арман Қуаныш
Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарына Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.
Барлығы бәсеке кезінде 79 мемлекеттен жиналған 1900-ге жуық атлет күш сынасады деп жоспарланған.