Жасөспірімге зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Ресейден жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Бас прокуратурасы кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында күдікті ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен жалғыз қалған кезде, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

- Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, өткен жылы Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, - делінген бақылаушы органның ақпаратында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған іс-әрекет үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Айта кетейік, қыз зорлап, 13 жыл жасырынып жүрген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды.

Соңғы жаңалықтар