Жасотандықтар соғыс ардагеріне көмек көрсетіп, батасын алды
«Нұр Отан» партиясы ардегерлерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жасотандықтар мен еріктілерден құралған түрлі топтар бүгінгі күнге дейін барлық ардагерлермен кездесіп, қолдан келгенше қамқорлық жасап келеді»,- деді «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес.
Биыл Ыдырыс Қалиев ақсақал 92 жасты алқымдаса да қимылы ширақ. Жастармен сұхбаттасу барысында ардагер жастарға жақсы білім алып, еңбектену қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақты бүгінгі бейбітшілік пен тоқшылықты қадірлей білуге шақырып, елімізге тыныштық, егемендігіміздің мәңгі болуын тіледі.
Соғыс ардагері Ыдырыс Қалиев отты жылдардан соң елге келіп, өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Майдандағы ерлігі мен қажырлы еңбегінің арасында Қызылорда қаласының құрметті азаматы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте депутаты. Еңбегіне сай «Отан соғысы», екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және түрлі медальдармен марапатталған.
Өз кезегінде «Жас Отан» ЖҚ мүшелері майдангерге ел үшін, келешек жастар үшін жасаған еңбектеріне үлкен алғыс білдірді. Керемет әңгімеден соң жасотандықтар ардегер тұрып жатқан үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қарияның ақ батасын алды.