Жастар арасында жұмыссыздық 3,9 пайызға қысқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызға қысқарды. Бұл 82 мың жас жұмыссыз деген сөз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың қысқаруына жалдамалы жұмысшылар санының 3,1 пайызға өсіп, 1,5-тен 1 млн 600 адамға артуымен байланысты. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 7,9 пайызға қысқарып, 455 мың адамды құрады.
Жұмыс күші саны өзгермеді десек те болады. Дегенмен, 0,2 пайызға көбейіп отыр. Ал жұмыспен қамтылған халық саны 0,4 пайызға немесе 8600 адамға артты.
Жұмысшы күші құрамына кірмейтін тұлғалар саны 3,5 пайызға, 1,36 млн адамға қысқарды. 2012-2017 жылдары кезеңінде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз халық саны 5,4-тен 3,9 пайызға дейін азайды.
2018 жылдың екі тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің жастары ішінен 82 мың адам жұмыссыз жүр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға аз. Өткен жылдың екі тоқсанында елімізде 86 мың жас жұмыссыз жүрген еді.
Жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматы қаласында - 15 500 адам. Бұл 15-28 жас аралығында жұмыссыз халықтың 18,8 пайызын құрайды.
Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр. Бұл өңірде жұмссыз ретінде 8 700 адам тіркелген. 7200 жұмыссыз жасы бар Қарағанды облысы үшінші орынға жайғасқан. Жұмыссыз жастары аз өңір Солтүстік Қазақстан облысы саналады. Бұл өңірде тұрақты жұмысқа орналаспаған 1500 адам бар.
Жалпы еліміздің жастарының көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу салаларына қызығушылығы басым. Аталған салаларда елімізде жұмыс істейтін жастардың 16,5 пайызы, немесе 335 мың жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр.
Жастар арасында танымалдыққа ауыл, орман және балық шаруашылығы ие. Бұл салаларда 276 мың жас жұмыс істейді.
Білім саласында жұмыс істейтін жастардың саны 229 мың адамды құраса, өнеркәсіпте 221 жас еңбек етіп жүр. Сонымен қатар құрылыс саласында жұмыс істейтін жастардың да қарасы қалың. Бұл салада 149 мың адамның еңбек ететіндігі белгілі.